31 қазан 2015 | 18:32

Мысырда құлаған ұшақтың барлық жолаушысы қаза тапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Airbus A321-200. © Wikipedia.org. Airbus A321-200. © Wikipedia.org.

Мысырда құлаған ұшақтың барлық жолаушысы және экипаж мүшелері қаза тапқан, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы ел билігі хабарлап отыр. Сонымен қатар, ресейлік ұшақтың апатқа ұшыраған жерінен қара жәшіктің табылғаны белгілі болды. Бұл туралы елдің Азаматтық авиация министрлігінің өкілдері хабарлаған. Синай әкімшілігінің мәліметінше, лайнердің апат орны Эл-Хасна қаласының маңындағы Эл-Кантала мен Эл-Лаксима аудандарының арасындағы таулы жерде. 

Иконка комментария блок соц сети

Соңғы мәліметтер бойынша, құтқарушылар 17 баланың денесін тапқан. AFP агенттігінің мәліметінше,бұл туралы елдің авиациялық билігінің басшысы Махмұд әл-Зинати мәлімдеген. Осыған дейін ұшақ бортында 200 ересек адамның және 17 баланың бар екендігі хабарланған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, құтқарушылар 100 адамның мәйітін тапты. 

Ресей президенті Владимир Путин болған оқиғаға байланысты елде 1 қарашаны қаралы күн деп жариялауға жарлыққа қол қойды. РФ үкіметіне билік органдарымен бірігіп, қаза болғандардың жанұяларына қажетті көмек көрсету бойынша шараларды қабылдау тапсырылды. 

Осыған дейін Мысырда апатқа ұшыраған ұшақтың бортында қазақстандықтардың болмағаны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар, қаза болғандардың тізімін БАҚ-тар жариялады. 

KGL9268 рейсі бойынга Airbus А321 ұшағы Шарм-эш-Шейхтен Санкт-Петербургке 2015 жылдың 31 қазанында Астана уақыты бойынша таңғы 9.51-де ұшып кеткен. Лайнер радардан 23 минуттан кейін жоғалған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети