Мысырда сарышаяндардан жүздеген адам зардап шекті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда сарышаяндардан жүздеген адам зардап шекті Иллюстрациялық фото pixabay.com

Египетте 500-ден аса адам сарышаяннан зардап шекті, олар толассыз жауған жаңбырдан кейін пайда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Египетте 500-ден аса адам сарышаяннан зардап шекті, олар толассыз жауған жаңбырдан кейін пайда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Халед Абд аль-Гаффардың айтуынша, оңтүстік Асуан провинциясында осы ендікте сирек кездесетін нөсер мен бұршақ жауған. Сарышаяндардың ұясы бұзылып, адамдарға қарай жүгірген. Нәтижесінде, сенбіде 503 адам сарышаян шағуынан зардап шеккен.

Зардап шеккендерге медициналық мекемелер удың бетін қайтаратын дәрі-дәрмек берген. Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларында дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екенін айтты, қазір Асуан провинциясының ауруханаларында 3350 доза бар.

Дәрігерлер азаматтарға сарышаян шағып алған жағдайда дереу мамандарға жүгінуін сұрады. Шағудың белгілері улануға ұқсас, температура, құсу, диарея болады.

Бұған дейін сарышаян уы коронавирустың жаңа штамдарына қарсы тиімді құрал болуы мүмкін екені айтылған. Шотландиядағы Абердин университеті мен Египеттегі Суэц каналы университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келген. Зерттеушілер сарышаяндардың бірнеше түрінің генетикалық материалын токсиндерден тазартып, вирусқа қарсы заттарды алуды жоспарлап отыр.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети