Мысырда тағы бір әйел акула шабуылынан қаза болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда тағы бір әйел акула шабуылынан қаза болды Көрнекі сурет

Мысырдың Хургада қаласында тағы бір әйел акула құрбаны болды. Жергілікті билік оқиғаны ғылыми талдауға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырдың Хургада қаласында тағы бір әйел акула құрбаны болды. Жергілікті билік оқиғаны ғылыми талдауға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиға болған ауданда барлық мекеменің қызметі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Мысырдың Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Facebook желісінде хабарлады.

Министр Ясмин Фуадтың айтуынша, екі әйел де Сахли Хашиш курорттық аймағында акула шабуылынан қаза болған. Ол ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мамандардан жұмыс тобы құрылғанын атап өтті.

"Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қайғылы жағдайдың мән-жайын зерттеуге маманданған жұмыс тобы акуланың екі әйелге шабуылдауының нақты себептерін анықтау бойынша өз міндетін орындауда екенін растайды", - делінген министрлік хабарламасында.

Gazeta мәліметінше, Хургада тұрғыны акуланың екінші құрбаны екі күн бұрын қаза болған болуы мүмкін екенін айтқан. Себебі дәл сол кезде қонақүйлердің бірінде қонақ жоғалып кеткені байқалған.

Тұрғын әйелдің жақын маңдағы Premiere Le Reve қонақүйінде демалып жатқанын және соңғы екі күнде бөлмеде болмағанын айтқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, екінші құрбан Румыния азаматы болуы мүмкін.

Бұл ретте Румынияның Сыртқы істер министрлігі Каирдегі дипломатиялық өкілдікке 3 шілдеде туристік агенттен Хургада курортында демалыс кезінде румыниялық азамат қайтыс болғаны туралы телефон хабарламасы келгені белгілі болды.

"Мысырдың құзырлы органдары таратқан ақпаратқа сәйкес, жүргізілген тексерулер нәтижесінде румын азаматының өліміне акуланың шабуылы себеп болғаны анықталды", - делінген Румыния СІМ сайтында.

Еске салайық, Хургадада екі әйел акула шабуылының құрбаны болды. 1 шілдеде теңіз жыртқышы Австрия азаматына шабуыл жасады. 3 шілдеде екінші зардап шегуші туралы белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети