Мысырда жол апатынан зардап шеккен туристердің жағдайы туралы Қазақстанның СІМ өкілдері аайтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мысырда жол апатынан зардап шеккен туристердің жағдайы туралы Қазақстанның СІМ өкілдері аайтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстанның зардап шеккен екі азаматы Хургада қаласының ауруханасына жеткізілді. Жағдайлары қанағаттанарлық, әзірше дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, СІМ өкілдері зардап шеккендердің медицина орталығында тағы бірнеше күн болатынын айтты.
"Әзірше бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болады. Сынған жерлері жоқ. Түрлі жарақат алған және миы шайқалды деген күдік бар", - деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, 29 тамызда таңғы сағат 04.30-да Хургада - Каир тас жолында қазақстандық 22 турист отырған автобус аударылды, олар Каирға экскурсияға аттанған. Жол апатының салдарынан Қазақстанның екі азаматы түрлі жарақатпен ең жақын орналасқан Рас-Гарибтағы ауруханаға жеткізілді. Ол жерде алғашқа медициналық көмек көрсетілді.
© ҚР СІМ баспасөз қызметі.