Мысырдың полицейлері қателіктен мексикалық 12 туристі атып өлтірді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мысырдың полицейлері қателіктен мексикалық 12 туристі атып өлтірді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Қателіктің салдарынан 12 адам қаза тапты. Олардың көбі Мексикадан келген туристер болған. Алдын ала мәлімет бойынша туристер тобының тағы ондаған адамы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Оқиға кезінде полиция мен қарулы күштер Әл-Вахат елді мекенінде лаңкестерді қуып бара жатқан. Операция кезінде жол талғамайтын төрт көлік тыйым салынған аймаққа заңсыз кіріп кетіп, оларға оқ атылған. Кейін олардың Мексикадан келген туристер екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаны тергеп жатыр. Қаза болғандардың ішінде тағы да басқа елдердің азаматтарының болған-болмағаны анықталып жатыр.
Мексиканың сыртқы істер министрлігі екі азаматтың қаза болғанын растады. Елдің Мысырдағы елшісі ауруханадағы бес азаматпен сөйлесті, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Мексиканың билігі Мысырға арнайы елшісін жіберіп отыр.