Мысырдың премьер-министрі Шериф Исмайыл EgyptAir әуе компаниясына тиесілі ұшақтың бортында теракт болуы мүмкін екенін жоққа шығармады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мысырдың премьер-министрі Шериф Исмайыл EgyptAir әуе компаниясына тиесілі ұшақтың бортында теракт болуы мүмкін екенін жоққа шығармады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Тілшілерге берген сұхбатында ол "ұшақтың не себепті жоғалып кеткенін" айтуға әзірше ерте деп есептейтінін жеткізді. Сонымен қатар, премьер-министр бортта теракт болуы мүмкін екенін де жоққа шығарған жоқ.
Айта кетейік, ұшақ радардан Каир уақыты бойынша сағат 02.45-те жоғалып кеткен болатын. Ұшақ ол кезде Мысырдан 80 миль жерде болған. Ол радардан Грекияның аумағына кіргеннен кейін 20 минуттан соң жоғалып кетті. Ақпарат құралдарының мәліметінше, ұшақ Жерорта теңізіне құлаған.