Мысыр билігі Airbus A321 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты өз нұсқасын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысыр билігі Airbus A321 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты өз нұсқасын атады © РИА Новости

Мысыр билігі ресейлік Airbus A321 ұшағының әуе апатына ұшырауына техникалық ақаулар себеп болды деп есептейді, - деп хабарлады РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысыр билігі ресейлік Airbus A321 ұшағының әуе апатына ұшырауына техникалық ақаулар себеп болды деп есептейді, - деп хабарлады РИА Новости.

Мысыр үкіметінің өкілі Хусам әл-Кувейштің айтуынша, көрсеткіштердің барлығы әуе апатының техникалық ақаудан болғанына куәлік етіп отыр. "АҚШ пен Ресейдің қарамағындағы жасанды серіктер апаттың лаңкестіктен болмағанын анықтады. Демек қалған көрсеткіштің барлығы ұшақтың іштегі техникалық ақаудан құлағанын көрсетіп тұр", - деді әл-Кувейш.

Бұған дейін Stratfor барлау-сараптама компаниясының сарапшылары ресейлік А321 лайнерінің Синай түбегінде құлауына борт ішінде жарылған бомба себеп екенін атады. 

Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети