Мысырда екі жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда екі жарылыс болды © turizm.world

Мысырдың Танта қаласында екі жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырдың Танта қаласында екі жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі. 

Бірінші жарылыс Гарбия провинциясының Танта қаласында орналасқан "Мар Гиргис" шіркеуінде болды. Алты адамның қаза болғаны туралы хабар түскен. Кейінірек шіркеуде болған жарылыстан 15 адамның қаза тауып, 50-ден аса адамның жарақат алғаны белгілі болды. Бұл туралы "Дот Маср" порталы хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс шіркеудің ішінде болған. Құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасаған БАҚ жарылыс бірінші қабаттағы ғибатханада болғанын хабарлады. Полиция жарылыс болған ауданды қоршауға алды.

Шіркеудегі жарылыстан кейін, екінші жарылыс қалалық полицейлер жаттығу орталығында болды, - деп хабарлайды "Ахбар Аджиля" порталы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети