Мысырда "Көшпенділер" трилогиясының араб тіліндегі аудармасы таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда "Көшпенділер" трилогиясының араб тіліндегі аудармасы таныстырылды

Каир қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында "Көшпенділер" кітабының араб тіліндегі аудармасының таныстырылы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шараға қатысқан Қазақстанның Мысырдағы елшісі Берік Арын ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде қазақ мемлекетінің тарихи қалыптасуының негізгі кезеңдері мен Ілияс Есенберлиннің әдеби мұралары туралы әңгімелеп берді. Ал "Көшпенділер" трилогиясының негізгі аудармашысы, Асуан университетінің профессоры Рияд қонақтарды шығарманың сюжетімен және Есенберлиннің өмірбаянымен таныстырды.

Көшпенділер - Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Онда бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі. Трилогия "Алмас қылыш", "Жанталас" және "Қаһар" деген бөлімдерден тұрады. Ол көптеген тілге аударылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети