Мысырда мешітте қырғын салған 15 лаңкестің көзі жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда мешітте қырғын салған 15 лаңкестің көзі жойылды Мұрағаттағы сурет REUTERS ©

Мысырдың әуе күштері Әл-Ариш мешітінде қанды қырғын жасаған содырлардың көзін жойды. Бұл туралы жергілікті БАҚ мәлімдеп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырдың әуе күштері Әл-Ариш мешітінде қанды қырғын жасаған содырлардың көзін жойды. Бұл туралы жергілікті БАҚ мәлімдеп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости

Жалғасы

Ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар лаңкестік болған жердің маңында екі көлікпен кетіп бара жатқан 15 содырдың көзін жойған. 

Еске салайық, лаңкестер жұма намазы кезінде Әл-Ариш қаласының батысындағы мешітке басып кіріп, жарылғыш затты іске қосқан. Осыдан кейін мешіттен қашып шығып жатқан адамдарды атып тастап отырған. Соңғы мәліметтер бойынша, лаңкестік салдарынан 235 адам мерт болып, 130 адам жарақат алды. Куәгерлердің сөзінше, мешітте 500-дей адам болған. 

Мысыр прокуратурасы мешітке жасалған шабуылға қатысты тергеу бастады. Ауруханадағы жаралылардан куәлік алынып жатыр. 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети