02 желтоқсан 2021 13:49

Мюнхенде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған бомба жарылды: зардап шеккендер бар

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Мюнхендегі теміржол вокзалы маңында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған бомба жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Мюнхендегі теміржол вокзалы маңында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған бомба жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға орталық вокзалға жақын орналасқан Donnersbergerbrücke станциясы маңында құрылыс жұмыстары кезінде болған. Бұл кезде жұмысшылар екінші теміржолындағы туннельде бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан. 

Жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті, пойыздар қозғалысы уақытша тоқтатылған. Мюнхен өрт сөндіру қызметі бір адам ауыр жарақат алғанын хабарлады.

Қазір бұл учаскеде пойыздар қайта жүре бастады, бірақ кестеде кешігулер бар. Мамандар тексеру жасап, аумақты тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Германияның батысындағы Вупперталь қаласының билігі сайлау учаскелері маңында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қалған бомбаны тапқаннан кейін жүздеген адамды эвакуациялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети