16 наурыз 2021 | 09:48

"Нағыз концлагерь". Навальный колониядан алғашқы хатын жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/navalny © instagram/navalny

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный 15 наурызда кешке Владимир облысындағы Покровтағы №2 колонияға жіберілгеннен кейін бірінші рет Instagram және Facebook-парақшаларында жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный 15 наурызда кешке Владимир облысындағы Покровтағы №2 колонияға жіберілгеннен кейін бірінші рет Instagram және Facebook-парақшаларында жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үш нәрсе мені таңғалдырмайды. Төбеміздегі жұлдызды аспан, ішіміздегі категориялық императив және алақаныңмен шаш жоқ басыңды сыйпаған кездегі керемет сезім.

"А" күшейтілген бақылау секторынан" сәлем.

Ресейлік түрме жүйесі мені таңғалдырғанын мойындауға мәжбүрмін. Мәскеуден 100 шақырым қашықта концлагерь ұйымдастыруға болады деп ойлаған емеспін.

Мен әлі ешқандай зорлық-зомбылық, тіпті оның көрінісін көрмедім. Бірақ, сотталғандардың артық жан-жағына қарауға қорыққан түрін көріп, ИК-2 "Покров" туралы естіген әңгімелерге сенемін. Мұнда адамдарды ағаш балғамен сабайды. Қазір әдістер өзгерген. Бәрі сыпайы және мейірімді сөйлесетін жер есімде жоқ.

Мен жаңа үйімді - "біздің достық концлагеріміз" деймін.

Тәртіп, жарғы, күн тәртібі. Шексіз ережені орындау. Балағат сөз айтуға тыйым салынған. Бұл тыйым қатаң сақталады. Бәрі мәдениетті сөйлесетін түрмені елестетіп көріңізші? Қорқынышты.

Бейнекамералар барлық жерде, бәрін бақылайды және сәл заңбұзушылық болса да жинап отырады. Меніңше, жоғарыдағы біреу Оруэллдің "1984" сөзін оқып шығып былай дейді:

- Өте қызық. Енді осылай жасайық. Мейірімділікпен адамдарды тәрбиелейміз.

Бірақ, егер бәріне әзілмен қарасаңыз, өмір сүруге болады. Сондықтан менде бәрі жақсы.

Күнделікті сұрықсыз өмірде қызық сәттер де болады. Мысалы, менің кеудемде аты-жөнім мен сурет бар, ол әдемі қызыл жолақпен сызылған. Өйткені қашуға бейіммін, есіңізде ме? Түнде әр сағат сайын төсегімнің жанына ер адам келгеннен оянамын. Ол мені камераға түсіріп: "екі сағат отыз минут, сотталған Навальный. Қашуға бейім ретінде профилактикалық есептен шығару. Орнында". Мені есіне алатын және ешқашан жоғалтпайтын адамдар бар деген оймен тыныш ұйықтаймын. Тамаша ғой, иә?

Сіздер де жақындарыңызбен байланысты жоғалтпаңыздар. Бәріңді құшақтадым", - деп жазды Навальный. Постқа бірнеше жыл бұрын түсірілген сурет қойылған, онда саясаткердің шашы қысқа болған.

Навальныйдың жазбасы пайда болғаннан кейін көп ұзамай оның адвокаттары оны колонияда көргенін айтты.

"Бүгін оны көрдік... Ол оқшаулау камерасында. Жанында алты адам бар", - деді адвокат Ольга Михайлова. Ол Навальный екі апта оқшауда болатынын айтты.

№2 колонияның жоғарыдан түсірілген көрінісі. ©youtube/Алексей Навальный

Покровадағы №2 түзету колониясы - бұл қызыл колония деп аталатын режимдік, яғни тұтқындарды толығымен бақылайтын түзету мекемесі. Наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қор колония туралы видео жариялады. Жазбада мекемеге келген тұтқындар бірден соққыға жығылады деп айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети