24 жастағы Франческа Райли құрбысымен селфиге түспекші болған кезде бала арбасының жанында тұрған жартылай күңгірт елесті байқаған, - деп хабарлайды Vistanews.ru.
24 жастағы Франческа Райли құрбысымен селфиге түспекші болған кезде бала арбасының жанында тұрған жартылай күңгірт елесті байқаған, - деп хабарлайды Vistanews.ru.
Франческа Райли біржарым жасар қызы Фибимен құрбысының үйіне қонаққа барған. Бірнеше уақыт өткен соң Әйел адам нәрестені бала арбасына жатқызып, ұйықтатқан. Сол сәтті пайдаланғысы келген Франческа құрбысымен селфиге түспекші болған кезде, телефонның алдыңғы камерасы есіктің жанында тұрған бала арбасында түсірген.
Әйел адам дұрыстап қараған сәтте түсініксіз бір дененің нәрестеге қарай үңіліп тұрғанын көрген. Ол суретке түсіріп, арбаға қарай жақындағанда шошып кеткен. Елес "Қоңырау (Звонок)" фильміндегі қызға қатты ұқсас болған. Сондай-ақ ақшыл түсті көйлегі мен жалбыраған шашы анық байқалған.
"Мен елеске қатысты барлық нәрседен қатты қорқамын, паранормалды құбылыстарға сенемін. Бірақ оның елес екеніне соңына дейін сенгім келмеді. Басында мен оны көлеңке деп ойладым", - деді Франческа Райли.
Осы жағдайдан кейін баласының денсаулығы үшін алаңдаумен келеді екен. Ол паранормалды құбылыстармен айналысатын мамандардың көмегіне жүгінген. Тексеру барысында құрбысы тұратын үйдің орнында бұрында диірмен болған, сол жерде қыз бала қайтыс болған және сол өзі туралы еске түсіргісі келеді деген болжам жасады. Сонымен қатар, сол маңайдағы тағы бірнеше пәтерде қыздың елесі көрінген. Оқиға Ұлыбританияда болған.