NASA 2022 жылдың екінші жартысында қос астероидпен соқтығысуы керек зондты ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
NASA 2022 жылдың екінші жартысында қос астероидпен соқтығысуы керек зондты ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
DART зонды Калифорниядағы Ванденберг ғарыш күштерінің базасынан SpaceX Falcon9 зымыранымен Тынық мұхиты уақытымен сағат 22.21-де ұшырылған. Құны 330 миллион АҚШ доллары болатын жоба бұл саладағы алғашқысы.
Басылымның мәліметінше, миссияның мақсаты – ғалымдар Диморфос деп атаған астероидтың траекториясын сәл өзгерту. Оның ені шамамен 160 метр. Сарапшылардың айтуынша, астероид Жерге соқтығысуы мүмкін. NASA бұл астероидтың траекториясын өзгертіп, нәтижесінде ол Жерге зақым келтірмейтініне сенімді.
Asteroid Dimorphos: we're coming for you!
— NASA (@NASA) November 24, 2021
Riding a @SpaceX Falcon 9 rocket, our #DARTMission blasted off at 1:21am EST (06:21 UTC), launching the world's first mission to test asteroid-deflecting technology. pic.twitter.com/FRj1hMyzgH
Диморфоспен DART-тың соқтығысуы 2022 жылдың 26 қыркүйегіне жоспарланған. Диморфос пен Дидимос астероидтарының екілік жүйесі Жерден 11 миллион шақырым қашықта, ғалымдар пікірінше, бұл екі астероид біздің планетамызға жақындай алатын ең жақын арақашықтық.
Бұған дейін 2004 UE астероиды қарашаның ортасында Жерге жақындайтыны хабарланған болатын. Бұл туралы NASA бөлімшелерінің бірінің сайтында көрсетілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!