НАТО ДАИШ-ке қарсы операцияға қатыспайтынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

НАТО ДАИШ-ке қарсы операцияға қатыспайтынын мәлімдеді © focus.ua

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг альянстың "Ислам мемлекетіне" (ДАИШ, ҚР-да тыйым салынған ұйым) қарсы әскери операцияға қатыспайтындығын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг альянстың "Ислам мемлекетіне" (ДАИШ, ҚР-да тыйым салынған ұйым) қарсы әскери операцияға қатыспайтындығын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"НАТО әскери операцияға қатыспайды. НАТО қарулы күштерін даярлап жатыр, біз осымен көбірек айналысамыз. Өйткені Ирактың әскери күштері алдағы уақытта ДАИШ-пен НАТО-мен бірігіп операция жүргізгеннен гөрі, өздері күресе алатындай болуы керек", - деді Столтенберг журналистер сұрағына Ауғанстан туралы халықаралық конференция басталар алдында.

Мұның алдында альянс бірнеше рет Сирия мен Ирактағы ДАИШ-ке қарсы операцияға қатыспайтындығын, бірақ, АҚШ басшылығымен әрекет етуші коалицияны қолдайтынын мәлімдеген. Осылайша, альянс коалицияға Сириядағы жағдайды елдің ауа кеңістігіне кірмей-ақ бақылайтын AWACS қашықтық радиолокациялық анықтау ұшағын ұсынады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети