Белгород қалалық ауруханасынан науқасты ұрып өлтірген ресейлік дәрігер жұмысынан қуылды. Бұл туралы Ресейдің Белгород облысы бойынша Тергеу комитетінің сайтында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Белгород қалалық ауруханасынан науқасты ұрып өлтірген ресейлік дәрігер жұмысынан қуылды. Бұл туралы Ресейдің Белгород облысы бойынша Тергеу комитетінің сайтында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тергеу басқармасының таратқан хабарламасына сәйкес, бұған дейін күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған, себебі қылмыс ауыр деңгейдегі категорияға жатпайды және баптың санкциясы бұл жағдайда екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Бұл категориядағы қылмыс үшін қамауға алу деген бұлтартпау шарасын таңдау үшін ерекше жағдайлар талап етіледі.
Сонымен қатар, комитеттегілер дәрігердің және оның отбасының Белгородта тұрып жатқанын, бұлтартпау шарасын бұзып жатпағанын, сондықтан тергеуде өзгерістер енгізуге айтарлықтай себептің жоқ екенін атап өтті. Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің қылмысы байқаусызда кісі өлтіру болып бағаланып отыр, себебі қазіргі уақытта тергеу дәрігер адам өлтіргісі келді деп тұжырымдауға ниет білдіріп отырған жоқ.
Еске салайық, жантүршігерлік оқиға өткен жылдың 29 желтоқсанда Белгород қаласындағы №2 ауруханада болды. Терапия бөлімшесінің дәрігері мейірбикеге тиіскені үшін емделушіні ұрып өлтірген еді. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан дәрігер әйелдің емделушіні тексеріп отырғанын көруге болады. Сол сәтте кабинетке жас қызды еріткен дәрігер кіріп келеді. Ер адам емделушіге кенеттен күш көрсетіп, соққыға жықты. Емделуші басына тиген қатты соққыдан құлап қалды, дәрігерге қарсылық көрсетпекші болған емделушінің жолдасы да соққының астында қалды. Бірнеше уақыттан кейін бөлмеде болған әйелдердің бірі емделушінің көгеріп кеткенін аңғарады. Осы кезде "қызба" дәрігер емделушіге көмек көрсетпекші болды, дегенмен ол емделушінің өмірін құтқарып үлгермеді.