Навальный тұрған неміс вилласының иесі "Ресей 1" журналистерін өтірік айтты деп айыптады

"Россия 1" телеарнасынан кадр

Алексей Навальный Германияда болған кезде Фрайбургтегі екіқабат виллада тұрған. Сол үйдің иесі "Россия 1" телеарнасының журналистерін өтірік айтты деп айыптады. Бұл туралы "Дождь" басылымы есімін жасырып қалған ер адамға сілтеме жасап хабарлады.

Алексей Навальный Германияда болған кезде Фрайбургтегі екіқабат виллада тұрған. Сол үйдің иесі "Россия 1" телеарнасының журналистерін өтірік айтты деп айыптады. Бұл туралы "Дождь" басылымы есімін жасырып қалған ер адамға сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін "Россия 1" телеарнасындағы "Апта жаңалықтарының" жексенбілік шығарылымында Навальный Германияда емделіп жатқан кезде жалдап тұрған вилланы көрсетті. Сюжеттің авторы саясаткердің "бай" өмір сүргеніне назар аударып, "қонақ бөлмесі кең, екі диван, теледидар, үстелде жемістер тұр" деп вилланы таныстырған еді. Үйдің бағасы тәулігіне - 530 еуро.

Репортаж шыққаннан кейін жылжымайтын мүлік иесі үйді ресейлік журналистерге жалға бергенін білмегенін және оны жасырын камерамен түсіргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, журналистер өзін Бельгиядан келген турист ретінде таныстырған. Тілші Анастасия Попова үйді алған кезде тегін басқаша таныстырған - Боурт деп айтқан.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, "Вести" сюжетінде Навальный вилланы екі ай жалға алды деп хабарланды, бірақ үй иесі алты аптаға жалға алғанын айтты.

Фильмнің шыққанын білген вилла иесі Германияның құқық қорғау органдарына жүгінуді ұйғарды, деп хабарлайды телеарна.

"Дождь" басылымындағы жарияланымынан кейін журналист Анастасия Попова өзінің Телеграм-каналында вилланың иесі жасырын камерамен түсірілмегенін айтты. Оның айтуынша, оператор камераны "әдеттегідей, сөйлесетін сұхбаттасушының алдында ұстаған".

Попова ер адамға Ресей телеарнасының журналистері жұмыс сапарында жүргені туралы неміс тілінде қағаз көрсеткенін айтады. Алайда ол кезде үй иесі құжатқа мән бермеген.

Айта кетейік, 10 ақпанда бірқатар БАҚ Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальная Ресейден кетіп қалды деген хабар таратты.

Еске салайық, 17 қаңтарда Алексей Навальный Германиядан Ресейге оралған кезде ұсталды. Германияда ол "Новичок" тобынан уланғаннан кейін емделді. Ол "Ив Роше" ісі бойынша шартты түрде сотталған міндеттемелерін орындамады деп айыпталды. 2 ақпанда Навальныйға осы іс бойынша шартты мерзім нақты мерзімге ауыстырылып, сот үкімімен Навальный екі жыл сегіз айға колонияға қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная