Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы Бурабай поселкесінде АҚШ Конгресінің мүшелері Дэйн Рорабакермен және Грегори Микспен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгіме барысында қазақстан-америкалық қатынастардың стратегиялық сипаты мен екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы аталып өтті. Бұған қоса, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
АҚШ конгрессмендері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне ерекше тоқталып, екі ел арасындағы өзара әріптестіктің одан әрі нығая түсуіне үміт білдірді.