Назарбаев Беларусьтегі және Армениядағы оқиғаларға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Беларусьтегі және Армениядағы оқиғаларға қатысты пікір білдірді

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл Беларусь пен Арменияда болған оқиғалар туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл Беларусь пен Арменияда болған оқиғалар туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысушыларға шақырғаны үшін алғыс айтты.

"Бұл жыл жағымсыз оқиғаларға толы болды, оның ішінде пандемия, экономикалық дағдарыс, Беларусьте өткен  сайлау, Арменияда болған оқиғалар. Біз осының бәрін бақылап, бірге уайымдадық. Бұл артта қалады деп үміттенемін. Пандемияның өзі дағдарыс кезінде мемлекеттің маңызды рөлін тағы да көрсетті.

Мемлекеттік реттеудің жедел шараларының арқасында біз пандемия дамуының жағымсыз сценарийлерінен аулақ бола алдық. Тек мемлекеттік қолдау ғана азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да әлеуметтік маңызы бар өнімдердің ішкі нарықтарында тұрақтылықты қамтамасыз етті. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер кооперациясының шеңберінде өзара гуманитарлық көмек алмасудың жоғары деңгейін атап өтемін", - деді Елбасы.

Сондай-аұ, Нұрсұлтан Назарбаев "одақтастарына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан" Ресейдің рөлін де атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети