Назарбаев Иранда әуе апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Иранда әуе апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Ирандағы жолаушылар ұшағы апатының салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін", - делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, кеше, 18 ақпанда Иранда жолаушылар ұшағы құлаған болатын. Ұшақ Иранның Исфахан провинциясындағы Семиром қаласының маңында апатқа ұшыраған.

"Ұшақ Тегеран - Ясудж рейсін орындаған. Түрлі мәліметтер бойынша, бортта алпыстан жүзге дейін адам болған", - делінген еді хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети