Елбасы Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Нарендра Модиге Керала штатында болған өртке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Жеделхатта көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.
Еске салайық, өрт шіркеудегі мереке кезінде, жергілікті уақыт бойынша 03.30-да отшашу қоймаға тиіп, оның салдарынан жарылыстар болды. Өрт көрші ғимараттарға да тараған. Соңғы мәліметтер бойынша қаза болғандардың саны 102-ге жеткен.