Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Елбасы Мәскеу қаласындағы баспаханада шыққан өрт пен Бішкек-Ош тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан Қырғыз Республикасы азаматтарының қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
Нұрсұлтан Назарбаев аза тұтып жатқан бауырлас қырғыз халқының қайғысына ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.
Қазақстан Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.