Елбасы Жиронда департаментінде болған автокөлік апатына байланысты Франция Президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Елбасы Жиронда департаментінде болған автокөлік апатына байланысты Франция Президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Жеделхатта көп адамның қайтыс болғаны және бірқатар азаматтардың ауыр жарақат алғаны суыт хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
Нұрсұлтан Назарбаев көлік апаты салдарынан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.
Еске салайық, 23 қазанда Бордо қаласынан батысқа қарай 50 шақырым жерде жолаушылар автобусы жол апатына ұшыраған болатын. Жүк көлігімен соқтығысқан автобустың салонында 49 адам болыпты. Бұл апат Францияда соңғы отыз жылдағы ең ірі жол апаты болды. Екі көлік те өртеніп, автобус салонында болған адамдар тірідей өртеніп кеткен еді.