10 қараша 2017 | 12:33

Назарбаев пен Путиннің кездесуі: Қазақстан мен Ресей қандай құжаттарға қол қойды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан мен Ресей тараптары бірнеше құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Ресей тараптары бірнеше құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумының қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылғаны айтылады:

- Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемесі;

- 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға қосымша хаттама;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының жұмыс істеуі туралы келісім;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Туймазы - Омбы -Новосибирск-2" және "Омбы - Павлодар" магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісім;

- 2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында "Байқоңыр" ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;

- 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттама;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2018-2023 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының бағдарламасы;

– "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамы мен "Транснефть" жария акционерлік қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

- Ақтөбе облысы әкімдігі мен "Русская медная компания" акционерлік қоғамы арасындағы Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум;

- "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы мен "Российский экспортный центр" акционерлік қоғамы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Еске сала кетейік, кеше Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен келген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети