Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевке көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевтің зайыбының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Сіздің сенімді тірегіңіз, өмірлік серігіңіз және балаларыңыздың анасы Сәкина Шәкірқызының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Сізге және отбасыңызға орны толмас қайғыға орай барша Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын.
Сәкина Шәкірқызының жарқын бейнесі татарстандықтардың жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін", - делінген жеделхатта.
Айта кетейік, 16 қарашада таңертең Татарстанның тұңғыш президенті Минтимер Шаймиевтің жұбайы Сәкина Шаймиева ұзаққа созылған аурудан 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды.