16 қазан 2015 | 12:45

Назарбаев ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің шағын құрамда өткен отырысына қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Елбасы ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің шағын құрамда өткен отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Елбасы ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің шағын құрамда өткен отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, отырысты ашқан Қазақстан Президенті Кеңеске қатысушылар атынан Лукашенконы өткен сайлаудағы жеңісімен, сондай-ақ Атамбаевты Қырғызстанда парламенттік сайлаудың табысты өтуімен құттықтады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ТМД құрылғалы бері елдеріміздің арасында көпжақты ынтымақтастықты жандандыруды, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша интеграцияны тереңдете түсуді жақтағанын және бұл бағытын әлі жалғастырып келе жатқанын айтты.

"ТМД - бұрынғы кеңестік кеңістіктегі 11 мемлекетті біріктіретін бірегей құрылым. Біздің өңірде оған балама жоқ. Біз бұл жерде халықаралық саясаттың ең маңызды жайттары бойынша сенімді ауанда пікір алмасып, көпжақты ынтымақтастығымыздың кез келген мәселесін талқылай аламыз. Біздің бүгінгі іс-шарамыз ТМД-ны дамыту ісіне өз үлесін қосатынына сенімдімін", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сондай-ақ бүгінгі отырыстың күн тәртібінің тығыз екенін, 17 мәселе қаралатынын атап өтті. 

"Мәселелердің елеулі бөлігі қауіпсіздік және құқық тәртібін қамтамасыз етуге арналған, халықаралық шарттар топтамасына қол қою, бағдарламалық құжаттарды бекіту, сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық терроризмге қарсы күреске және БҰҰ 70 жылдығына арналған мәлімдемелерін қабылдау жоспарланған. Ұсынылған құжаттардың іс жүзінде зор мәні бар және оларды қабылдау елдеріміздің ынтымақтастығын нығайта түсуге ықпал ететін болады", - деді Елбасы.

Айта кетейік, іс-шараға сондай-ақ Әзербайжан Республикасының президенті Әлиев, Армения Республикасының президенті Саргсян, Беларусь Республикасының президенті Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Атамбаев, Ресей Федерациясының президенті Путин, Тәжікстан Республикасының президенті Рахмон, Өзбекстан Республикасының президенті Каримов, Молдова Республикасының премьер-министрі Стрелец, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сатлыков қатысты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети