Назарбаев Ту-154 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты: Құрылған комиссия анықтайтын болады

видеодан үзінді

?аза?стан Республикасыны? президенті Н?рс?лтан Назарбаев мемлекеттік комиссия Ту-154 ?ша?ыны? не себепті апат?а ?шыра?анын аны?тайтынына сенімді ж?не ?аза бол?ан адамдарды? туыстарына к??іл айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік комиссия Ту-154 ұшағының не себепті апатқа ұшырағанын анықтайтынына сенімді және қаза болған адамдардың туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

 "Мен тағы да, Владимир Владимировичке айттым, өз атымнан және Қазақстанның атынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына және Ресей халқына қайғырып көңіл айтамын", - деді ол журналистерге. 

"Менің ойымша, мемлекеттік комиссия Ту-154 ұшағының не себепті апатқа ұшырағанын анықтайды және біз оның себебін білетін боламыз, бірақ адамдарды қайтып алып келе алмаймыз", - деді Қазақстан Президенті. 

Реклама
Реклама

"Біз барлығына айтамыз: Ресей билігіне де, жақындары мен туыстарына да, біз әрдайым бұл қайғыда сіздермен біргеміз", - деді Назарбаев. 

Еске салайық, РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы жексенбіде, 25 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің бортында 92 адам болған. Олардың ішінде, Александров атындағы ансамбльдің 68 музыканты, БАҚ-тардың 9 өкілі ("Звезда" телеарнасы, НТВ және Первый канал), алып келе жатқан 6 адам және экипаждың 8 мүшесі бар.

РИА Новости мәліметінше, Ту-154 ұшып шыққаннан кейін жеті минут өткенде апатқа ұшыраған. Ұшақ Қара теңіздің Анапа жағалауына жақын маңда құлаған. Лайнердің қирандысы бір жарым шақырымға шашылған, олар 50-100 метр тереңдікте. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама