Фото Tengrinews.kz архивінен
Бортында 14 жолаушысы болған ұшақ Непал әуежайынан көтеріліп, арада бірнеше минут өткен соң радар бетінен жоғалып кеткен деп хабарлайды РИА Новости шет елдік БАҚ-тарға сілтеме жасап. "Ішінде 14 жолаушысы бар Nepal Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Покхара әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 13.30-да ұшып шығып, арада 15 минут өткен соң жоғалып кетті", - деп айтылған Непал полициясы таратқан хабарда. Бұл оқиға жөнінде толық мәлімет әлі жарияланбады. Айта кетейік, 2013 жылдың желтоқсанында Еурокомиссия неаплдық барлық авиакомпанияларды қауіпсіздік мәселесіне байланысты Еуроодақ аймағында ұшуға рұқсат етілмейтін әуетасмалдағыштардың тізіміне енгізіп қойған. Бұл шешім Непалдағы бірнеше әуе апаттарынан соң қабылданған болатын.
Бортында 14 жолаушысы болған ұшақ Непал әуежайынан көтеріліп, арада бірнеше минут өткен соң радар бетінен жоғалып кеткен деп хабарлайды РИА Новости шет елдік БАҚ-тарға сілтеме жасап.
"Ішінде 14 жолаушысы бар Nepal Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Покхара әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 13.30-да ұшып шығып, арада 15 минут өткен соң жоғалып кетті", - деп айтылған Непал полициясы таратқан хабарда. Бұл оқиға жөнінде толық мәлімет әлі жарияланбады.
Айта кетейік, 2013 жылдың желтоқсанында Еурокомиссия неаплдық барлық авиакомпанияларды қауіпсіздік мәселесіне байланысты Еуроодақ аймағында ұшуға рұқсат етілмейтін әуетасмалдағыштардың тізіміне енгізіп қойған. Бұл шешім Непалдағы бірнеше әуе апаттарынан соң қабылданған болатын.