27 сәуір 2015 09:34

Непалда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 3218 адамға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Shutterstock ©Shutterstock

Непалда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 3218-ге жетті, - деп хабарлайды РИА Новости


Непалда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 3218-ге жетті, - деп хабарлайды РИА Новости

Осыған дейін табиғи апаттан 2500-ге жуық адамның қаза болғаны белгілі еді. "Қаза тапқандар саны 3218-ге жетті және 6500 адам зардап шекті", - деп хабарлады Непалдың апатпен күрес жөніндегі орталықтың басшысы Рамешвор Дангал. Ел билігі республика бойынша төтенше жағдай жариялады. Ал Қытай, Үндістан сияқты көрші елдерде апаттан кем дегенде 90 адам қаза тапты.

Іздеу-құтқару жұмыстарына әскерилер қатысып жатыр. Сонымен қатар, Қытайдан, АҚШ-тан, Канададан, Австралиядан, Жапониядан және Шри-Ланкадан құтқарушылар жұмылды.  

Айта кетейік, алапат жер сілкінісінде Қазақстан азаматы Елена Шерпаның жоғалып кеткені белгілі. "Ананта" туристік агенттігінің Непалда тұратын директоры Мария Ефимова гид Елена Шерпаның мәскеулік екі танысы Юлия Вечернинамен және Андрей Корыгинмен тауға кеткенін айтты. Әзірше олармен байланысқа түсу мүмкін болмай отыр.

Еске салайық, 25 сәуірде Непал территориясында магнитудасы 7,9-ға тең жер сілкінісі болды. Алапат зілзала жүздеген үй мен құрылысты бұзды. Сонымен қатар, Непалдағы тарихи жәдігер саналатын нысандаржы бүлдірді, 183 жыл бұрын салынған Джарахара ғимаратын бұзылды.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, бұл зілзала Непалда 80 жылдан бері болған ең ірі жер сілкінісі. Жер асты дүмпулері Үндістанда, Бангладеште және Тибетте сезілді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети