Непалдағы алапат жер сілкінісінде Қазақстан азаматы Елена Шерпа жоғалып кетті, - деп хабарлайды "Говорит Москва" радиостанциясы.
Непалдағы алапат жер сілкінісінде Қазақстан азаматы Елена Шерпа жоғалып кетті, - деп хабарлайды "Говорит Москва" радиостанциясы.
"Ананта" туристік агенттігінің Непалда тұратын директоры Мария Ефимова гид Елена Шерпаның мәскеулік екі танысы Юлия Вечернинамен және Андрей Корыгинмен тауға кеткенін айтты. Әзірше олармен байланысқа түсу мүмкін болмай отыр. "Таныстарым үш адамның жоғалғанын, олардың тауға кеткенін жазып, хабарландыру ілді. Бір қызды білемін, ол гид. Кеше байланыс жарты күн бойы болмады, Катмандуда осы күнге дейін Интернет нашар. Жарық әзірше жоқ, су да. Facebook желісінде "Отметьтесь, кто живой" деп аталатын бағдарлама бар. Таныстарымның ішінде ешкім зардап шеккен жоқ", - деді Ефимова.
Осыған дейін ҚР СІМ өкілдері Twitter желісіндегі парақшасында Непалдағы жер сілкінісінде зардап шеккен қазақстандықтардың жоқ екенін хабарлаған болатын. "Қазақстанның Үндістандағы елшілігі мәселені бақылауда ұстап отыр", - деп жазды ведомстводағылар. ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев Tengrinews.kz тілшісіне Елена Шерп жайлы мәліметтің анықталып жатқанын хабарлады.
Еске салайық, 25 сәуірде Непал территориясында магнитудасы 7,9-ға тең жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметке қарағанда, 2,5 мың адам қаза тапты. Алапат зілзала жүздеген үй мен құрылысты бұзды. Сонымен қатар, Непалдағы тарихи жәдігер саналатын нысандаржы бүлдірді, 183 жыл бұрын салынған Джарахара ғимаратын бұзылды.
Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, бұл зілзала Непалда 80 жылдан бері болған ең ірі жер сілкінісі. Жер асты дүмпулері Үндістанда, Бангладеште және Тибетте сезілді.