12 мамыр 2015 18:40

Непалдағы жаңа жер сілкінісі 36 адамның өмірін жалмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Непалдағы жаңа жер сілкінісі 36 адамның өмірін жалмады, тағы мыңнан аса адам жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости. Жерасты дүмпулері 12 мамырда таңертең басталды, кейін афтершоктар болды. Айта кетейік, үнділердің Бихар мен Қытай аумағындағы штатында ең кемі 12 адам көз жұмды.

Бастапқыда үш адамның қаза болғаны туралы хабарланды, алайда кейін Непалдағы төтенше жағдайлар бойынша ұлттық орталық мәліметтерді нақтылады. Жер сілкінісінің ошағы - Катмандудан шығысқа қарай 83 шақырым қашықтықта. Жерасты дүмпулерінің ошағы 18,5 шақырым тереңдікте болған. Магнитуда 7,3-ке тең, осыдан кейін тағы алты жер сілкінісі болды, олардың ең күштісінің магнитудасы 6,3-ке тең.

Еске сала кетейік, Непалдағы 7,9 балдық жер сілкінісі 25 сәуір күні таңертең болды. Жер сілкінісінің ошағы ел астанасы Катмандудан солтүстік-батысқа қарай 82 шақырым жерде болды, жер асты дүмпулері 15 шақырым тереңдікте анықталды. Күндіз Катмандуда ең жоғары күші 6,7 балға тең афтершоктар болды. Соңғы мәліметтер бойынша, Непалдағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 7240 адамға жетті. 14 мыңнан аса адам жер сілкінісінен кейін болған жерасты дүмпулерінің салдарынан жарақат алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети