Бразилия құрамасының бас жаттықтырушысы Луиз Фелипе Сколари ӘЧ-2014 Колумбия командасымен болған ширекфиналдан кейін команда көшбасшысы - форвард Неймардың Германия құрамасымен арада өтетін жартылай финалға қатыспайтынын айтты", - деп хабарлайды СПОРТ-ЭКСПРЕСС.

Неймар ойынның 88-ші минутында ауыстырылған болатын. Ол уақытта шабуылдаушыны төрт адам алаңның сыртына қолымен көтеріп шығарған. Ойын барысында колумбиялық ойыншы тізесімен Неймардың арқасын тепкен еді. Неймар ауыр соққы алғандықтан стадионнан шыққан бойда Форталеза ауруханаларының біріне алып кеткен еді. "Бір қызығы Неймарды жарақаттаған ойыншыға ескерту бермеген төреші Тиагу Силвеге болмашы ғана қимылы үшін сары қағаз көрсетті. Неймар қазір ауруханада жатыр, оның белі ауырады. Ол жылап жатыр. Өкінетіні Германиямен арада өтетін ойынға дейін қалпына келу оңай емес", - деді Сколаре.
Еске саламыз, ӘЧ-2014 Бразилия құрамасы Колумбия командасын 2:1 есебімен тізе бүктіріп жартылай финалға шықты. Енді турнир иелері финалға шығу үшін француздарды 1:0 есебімен жеңген Германия командасымен ойнайтын болады. Ол кездесу Белу-Оризонти қаласының "Минейран" стадионында шілденің 8-і күні өтпек.
Неймар өз елінде өткен чемпионатта бес ойынға қатысып, төрт гол салды.