Нидерландыда паранжаға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нидерландыда паранжаға тыйым салынды © Immigrant Today

Нидерландыда адам бетін жауып тұратын киімдерге тыйым салынды, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нидерландыда адам бетін жауып тұратын киімдерге тыйым салынды, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Заң 1 тамыздан бастап күшіне енді және мынадай киімдер үлгісіне тыйым салында: мұсылмандар жамылғысы - паранжа, сондай-ақ никаб. Мұндай киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынады, оның ішінде мектептер, ауруханалар, мемлекеттік мекемелер және көлікте. 

Ішкі істер министрлігі құзырлы органдар мен муниципалдық билікті осы тыйым салу шаралары қадағалауды тапсырды. Қауіпсіздік органы қызметкерлері қоғамдық көлікте паранжан не никаб киген әйелге бірінші бет-әлпетін тұмшаламауды талап етуі тиіс. Егер әйел бұл талапты орындамаса оған ғимаратқа тыйым салынуы мүмкін немесе 150 еуро көлемінде айыппұл салынады. Тыйым салу мотоцикл шлемдері мен балаклаваларға да қатысты айтылған. 

Кейбір мекемелер, оның ішінде, аурухана, қоғамдық көлік және полиция бөлімшелері жаңа ережелерді ұстанбайтындарын жеткізген. Осы заңды бекіту үшін Нидерландыда соңғы 14 жыл бойы тыйым салу мәселесі талқыланған. 

Қоғамдық жерлерде адамның бет-әлпетін жабу 2011 жылы Францияда енгізілді. Осындай шаралар Дания, Бельгия, Болгария және Австрияда бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети