Нидерландыда журналистің өлімі елді дүрліктірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Амстердамда Питер де Вриске қастандық жасалған орны. © REUTERS Амстердамда Питер де Вриске қастандық жасалған орны. © REUTERS

Бір апта бұрын Амстердамда қастандық жасалған танымал репортер Питер де Врис қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бір апта бұрын Амстердамда қастандық жасалған танымал репортер Питер де Врис қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

"Петр соңына дейін күресті, бірақ жеңілді", - делінген оның отбасы жолдаған хатта.

Тілшіге 6 шілдеде кешке Амстердам орталығындағы телестудиядан шыққаннан кейін көп ұзамай шабуыл жасалған. Онда ол танымал телешоудың қонағы болды. Куәгерлер бес оқ атылғаны туралы айтқан. Оның бірі Питер де Вристің басына тиген. Оны клиникаға ауыр халде жеткізді.

Полиция үш күдіктіні ұстады, олардың бірі көп ұзамай босатылған. Қазір қастандық жасады деген күдікпен Роттердамның 21 жастағы тұрғыны және Польша тумасы 35 жастағы нидерландылық қамауда отыр. Het Parool жергілікті басылымының мәліметіне сүйенсек, олар есірткі саудасын ұйымдастырушы Ридуан Тагимен байланыста болуы мүмкін. Оның соты 2021 жылдың наурызынан бері жүріп жатыр.

Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте Twitter-де Питер де Врис өз ісіне берілгенін және ешкімнен және ештеңеден қорықпағанын жазды. Ол әрқашан шындықты іздеді және әділеттілікті қорғады. "Бірақ оның өзі үлкен әділетсіздіктің құрбаны болғаны өкінішті", - деді саясаткер.

Нидерланды патшайымы Максима да марқұмның отбасына көңіл айтты.

64 жастағы Питер де Врис қылмыстық топтар мен резонанс тудырған қылмыстық істерді тергеу туралы көп мақала авторы. Репортер 1987 жылы Heineken сыра қайнату компаниясының басшысы Фредди Хайнекеннің ұрлануы туралы жарияланғаннан кейін әлемге әйгілі болды. Де Вриске бірнеше рет қауіп төнді, бірнеше рет билік оған мемлекеттік күзет берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro