Нигерияда 15 адам белгісіз аурудан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нигерияда 15 адам белгісіз аурудан қайтыс болды Фото: Reuters ©

Нигерияның оңтүстігіндегі Дельта штатында белгісіз аурудан 15 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нигерияның оңтүстігіндегі Дельта штатында белгісіз аурудан 15 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті Vanguard басылымының мәліметінше, 18-ден 25-ке дейінгі жас аралығындағы азаматтар қайтыс болған. Штат билігі аурудың таралуын тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.

"Дельта штатының үкіметі Уте Окпу және Идумеса қоғамдастығында белгісіз жағдайда қайтыс болғандар туралы ақпарат алды. Бұл губернаторды, сенатор Ифеани Оковты алаңдатты және штаттың Денсаулық сақтау министрлігіне өлім жағдайын тексеру және себебін анықтау, аурудың таралуын тоқтату шараларын қабылдау бойынша тапсырмалар берді", - деп келтірді басылым штаттың денсаулық сақтау жөніндегі уәкілі Морди Ононье.

Басылымның хабарлауынша, эпидемиологтар қайтыс болғандардың отбасына, ауруханаға барды және зерттеуге қажетті анализдерді жинады. Мамандар адамдардың жаппай өліміне геморрагиялық безгек себеп болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Геморрагиялық безгек - вирустық ауру, қан ағу, безгек ауруы. Инфекцияның бұл түріне денге безгегі, Эбола, Ласса безгегі жатады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course down  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети