Нигерияда алапат су тасқыны болды: қаза тапқандар бар

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нигерияда алапат су тасқыны болды: қаза тапқандар бар

Нигериядағы алапат су тасқынынан 600-ден аса адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нигериядағы алапат су тасқынынан 600-ден аса адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

Нигерияның гуманитарлық істер, апаттарды басқару және әлеуметтік даму министрі Садиа Умар Фарук су тасқынынан шамамен 603 адам қаза тапқанын айтты.

Билік өкілдерінің мәліметінше, 82 мыңға жуық үй мен 110 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптары су астында қалған.

Нигерия президенті Мухаммад Бухари апатты су тасқынынан зардап шеккен елді мекендер үшін елдің стратегиялық резервінен 12 мың тонна азық-түлік жеткізуге тапсырыс берді.

Бухари су тасқынынан Нигерияның 36 штатының 33-і зардап шеккенін және құтқару және апатты басқарумен айналысатын барлық федералды агенттіктерден өз әрекеттерін күшейтуді сұрағанын қосты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Нигериядағы климаттық өзгерістердің салдары ауыр екенін және елде жиі және қарқынды су тасқыны қаупі бар деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети