Нигерияда Эбола вирусының таралуы тоқтады, бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандары мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл елде қатерлі індеттен жеті адам қайтыс болды.
Нигерияда Эбола вирусының таралуы тоқтады, бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандары мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл елде қатерлі індеттен жеті адам қайтыс болды.
"Қазіргі уақытта вирус кетті. Нигерияда аурудың өршуі ауыздықталды. Бұл үлкен жетістік Эболаның таралуын тоқтатуға болатынын дәлелдейді", - деді дүниежүзілік ұйымның Нигериядағы өкілі Руи Гама Ваза. Нигерияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы дерегі 42 жыл бұрын тіркелген. Бұдан соң ауруды жұқтырудың жаңа дерегі ресми түрде анықталған жоқ.
Айта кетейік, Эбола вирусы Батыс Африкада қарқынды түрде таралып жатыр. Ауру вирусты жұқтырған адамның қаны немесе іріңі арқылы, сондай-ақ ауру адам ұстаған заттар арқылы тікелей таралады.
Эбола безгегі шілде айынан бастап өршіді. Ауруды АҚШ пен Либерияның азаматтығын алған Патрик Сойер деген адам жұқтырды. Бірнеше күннен кейін пациент қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ережесі бойынша, елде Эбола ауруының таралуы тоқтағанын жария ету үшін ауру жұқтырудың соңғы дерегінен 42 күн өтуі керек, бұл - Эбола вирусының үш апталық инкубациялық кезеңінен асатын мерзім. 10 қазандағы мәлімет бойынша, Эбола безгегінен қайтыс болғандардың саны 4000 адамнан асты.