08 мамыр 2014 | 00:49

Нигерияда лаңкестер 300 адамды өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Dailypost.ng ©Dailypost.ng

Нигерияда 300 адам "Боко харам" исламистік радикал тобы содырларының құрбаны болды, - деп хабарлайды AFP.


Иконка комментария блок соц сети

Нигерияда 300 адам "Боко харам" исламистік радикал тобы содырларының құрбаны болды, - деп хабарлайды AFP.

Қайғылы оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Гамбору қаласында болды. Өткен сәуір айының басында "Боко харам" мүшелері 200-ден астам оқушы қызды ұрлап әкеткен еді, лаңкестер қыздарды құлдыққа сатпақшы. Ел билігі өкілдері әлі күнге дейін кепілге алынған қыз балаларды қайдан іздерін білмей отыр. Жуырда полиция лаңкестердің қолына түскен оқушылар туралы ақпарат берген адамға 300 мың доллар сыйақы беретінін мәлімдеді. Лаңкестер осыдан кейін Гамборуға аяусыз шабуыл жасады.

Брондалған машиналарды мінген содырлар жергілікті базарда, қаланың орталығында адамдарға, тұрғын үйлер мен дүкендерге оқ жаудырды. Ғимараттар зақымданып, өртке оранды. Тұрғындардың айтуынша, көшелер өлікке толды. Батыстың бірқатар мемлекеті Нигериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді.

Еске салайық, Нигерия соңғы бес жылдан бері "Боко Харам" радикал қозғалысының шабуылынан көз ашпай келеді. Лаңкестер шариғатқа негізделген діни мемлекет құруды көздейді. Олар батыс үлгісінде білім беруді түбегейлі жоймақшы. 200-ден астам оқушы қызды ұрлап әкеткені де содан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети