Никол Пашинян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Никол Пашинян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды Фото: primeminister.am

Армения президенті Армен Саркисян жаңа парламент отырысының бірінші күнінде Никол Пашинянды елдің премьер-министрі қызметіне тағайындады. Ол бұған дейін үкімет басшысының міндетін атқарушы болған. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Конституция ережелеріне сүйене отырып, Никол Пашинян Армения Республикасының премьер-министрі болып тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

Армения Конституциясына сәйкес, ел президенті жаңадан сайланған Ұлттық жиналыстың өкілеттік мерзімі басталғаннан кейін дереу премьер-министр қызметіне көпшілік ұсынған кандидатты тағайындайды. Бұл ретте негізгі заңда кезектен тыс сайлау жағдайында жаңадан сайланған Ұлттық жиналыстың өкілеттік мерзімі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады делінген.

Министрлер кабинетінің өзі премьер-министр тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде құрылады. Осыдан кейін үкімет басшысы 20 күн ішінде ұлттық жиналысқа министрлер кабинетінің бағдарламасын ұсынуы керек.

Айта кетейік, Никол Пашинян кезектен тыс парламенттік сайлау қарсаңында отставкаға кеткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети