Француз тергеушілері Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиге сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша ресми айып тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz AFP-ға сілтеме жасап.
Француз тергеушілері Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиге сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша ресми айып тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz AFP-ға сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметіне қарағанда, Николя Саркозиге "пара берді, қызмет бабын жеке мақсатына пайдаланды және коммерциялық құпияны бұзу фактін жасырды" деген ресми айып тағылған. Мұндай шешім 15 сағатқа созылған жауап алу нәтижесінде қабылданды.
Бұған дейін белгілі болғаны, Николя Саркози Бетанкур ісі бойынша 1 шілде күні ұсталып, Нантер қаласының полиция бөлімшесінде 15 сағат тергелген соң, судьямен сөйлесу үшін жасырын түрде Парижге келген.
Тергеушілердің пайымдауынша, Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози өзінің сайлауалды кампаниясын жасырын қаржыландырған миллиардер Лилиан Бетанкурге қатысты сот ісіне араласқан. Телефон арқылы сөйлескен әңгімелерді тыңдау нәтижесінде судьялардың бірі Бетанкур ісі бойынша жиналған тергеу материалдарын Николя Саркози мен оның адвокатына беруге келіскен. Тергеушілердің айтуынша, Францияның бұрынғы президенті сол үшін Фемида қызметкерін Монакода жоғарғы лауазымға тағайындауды уәде еткен.