Nissan экс-басшысы Жапониядан қашып кеткен

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Nissan концернінің экс-басшысы Карлос Гон жеке күзет компаниясын тарту арқылы арнайы операция нәтижесінде қашып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Nissan концернінің экс-басшысы Карлос Гон жеке күзет компаниясын тарту арқылы арнайы операция нәтижесінде қашып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Осыған дейін Ливан СІМ дереккөзі РИА Новости басылымына берген сұхбатында Гонның Ливанда жүргенін және ел президенті Мишель Аунмен кездескенін айтқан еді. Гонның өзі Жапониядан "саяси қудалаудан құтылу үшін" қашқанын мәлімдеген. 

"Ол Ливанға Стамбулдан жеке ұшақпен келді. Франция төлқұжатымен жүр. "Аль-Ахбар" басылымы дереккөзге сілтеме жасап, Гонның Жапониядан жеке күзет компаниясын тарту арқылы арнайы операция нәтижесінде қашып кеткенін хабарлады", - деп жазады газет. 

Ливандағы Жапония елшісі өз кезегінде ливандық MTV телеарнасына жапон үкіметінің Карлос Гонның қашуы туралы мәліметтері жоқ екенін айтты. "Мен оны шығаруға ықпал еткен арнайы операция туралы БАҚ-та жарияланған хабарламаларға таң қалдым. Бұл оқиға күмәнді", - деді елші.

Гон 2018 жылдың қараша айында 70 миллион доллар көлемінде салық төлеуден жалтарды деген күдікпен тұтқындалған, кейінірек оған тағы бірнеше эпизод қосылды. 2019 жылдың қаңтар айында Гонға ресми түрде қаржы және қызмет бабын асыра пайдалану айыбы тағылды. Көктемде қорғаушылар оны кепілақымен босатып, Гонды үйқамаққа алған еді. 

Ливандағы СІМ өкілі РИА Новости басылымына берген сұхбатында Карлос Гонның таяу уақытта баспасөз конференциясын өткізетінін айтты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro