1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Ниццада 3 адамды өлтірген ер адам Тунистен келген мигрант болып шықты 30 қазан 2020, 11:23

Ниццада адамдарға пышақпен шабуыл жасаған ер адам Тунистен келген 21 жастағы мигрант болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily
Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Ниццада адамдарға пышақпен шабуыл жасаған ер адам Тунистен келген 21 жастағы мигрант болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ға сілтеме жасап.

Жарияланған деректерге қарағанда теракт жасаған - Тунис азаматы Брахим Ауиссауи. Ол Францияға Лампедуза арқылы келген.

Франция билігінің мәлімдемесіне қарағанда, шабуылдан кейін полиция Ауиссауиді атқан кезде оның жанында жеке куәлігі болмаған. Бірақ қалтасынан италиялық Қызыл крестің құжаты табылған. Тергеушілер сол арқылы оның кім екенін анықтаған. 

Сицилия прокуратурасы Ауиссауидің 20 қыркүйекте Лампедуза аралына келгенін және содан кейін карантинде жатқанын растады. Ал 9 қазанда ол Бари қаласындағы мигранттар орталығына барған. Кейін елден депортация жасау туралы ескертпені алады, бірақ заңсыз жолмен Францияға жетеді.

Еске салайық, Ниццада белгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуыл жасады. Салдарынан үш адам қайтыс болды. Содан кейін Франция террористік қауіптің ең жоғары деңгейін жариялады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!