Ниццада болған терактінің суреттері мен видеолары пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ниццада болған терактінің суреттері мен видеолары пайда болды © Eliannuminas/Twitter

Желіде Францияда болған терактінің фотолары мен видеолары пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны басып алу Күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген.

© Eliannuminas/Twitter

Соңғы мәліметтер бойынша, Ниццада қаза тапқандардың саны 80-ге жеткен. 100-ден аса адам жарақат алған. Айта кетейік, қаза болғандардың арасында ресейліктердің саны көп.

Сонымен қатар, Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов осы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

© marylovefreedom/Twitter

Полициядағылар Ниццада теракт жасаған жүк көлігі жүргізушісінің кім екендігін анықтады. Ол Тунис тумасы, 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Tengrinews
Читайте также
@tapeWidget()

Валюта бағамы

 494.51  course up  588.11  course up  6.42  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети