17 шілде 2016 | 13:11

Ниццадағы лаңкес шабуылға жіті дайындалған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© therussiantimes.com © therussiantimes.com

Ниццадағы лаңкес Мохамед Лауэеж Булел шабуылға жіті дайындалған , - деп хабарлайды РИА Новости Europe 1 телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ниццадағы лаңкес Мохамед Лауэеж Булел шабуылға жіті дайындалған , - деп хабарлайды РИА Новости Europe 1 телеарнасына сілтеме жасап.

"Полиция Мохамед Лауэеж Булелдің шабуылға жіті дайындалғанын анықтады... Ол Ағылшын жағалауына екі мәрте барған - сейсенбіде, 12 шілде және сәрсенбі де, 13 шілде. Видеобақылау камераларына жазылып қалған видеоға қарасақ, ол жүк көлігінің ішінде жергілікті орынды жақсылап зерттеп алған", - делінген телеарна сайтында.

14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны алу күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнынан ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылды. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты. Кейін ҚР СІМ өкілдері теракт кезінде қаза тапқандардың арасындағы қазақстандықтар туралы мәлімет түспегенін хабарлады, алайда бірнеше сағат өткен соң Ниццадағы теракт орнында төрт қазақстандық болғандығы хабарланды. Сонымен қатар, терактінің суреттері мен видеолары пайда болды. Соңғы ақпарат бойынша, террорлық шабуылдан қаза тапқандардың саны 84-ке жеткен және де ауруханада 18 адам ауыр халде жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети