Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ниццадағы теракт: Лаңкестің көзі жойылған сәт түсірілген видео пайда болды

15 Шілде 2016, 17:50
0
© e-news.su
© e-news.su

Ниццадағы лаңкестің көзі жойылған сәт түсірілген видео желіде пайда болды, - деп хабарлайды Reuters.

Twitter әлеуметтік желісінде Ниццада 84 адамның өмірін қиып, жүздеген адамды жарақаттаған жүк көлігін полицейлердің қоршауға алып жатқан видеосы пайда болды. Аз уақытқа созылған атыстан соң полицейлер лаңкестің көзін жойды.

Айта кетейік, 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны алу күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнынан ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылды. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты. КейінҚР СІМ өкілдері теракт кезінде қаза тапқандардың арасындағы қазақстандықтар туралы мәлімет түспегенін хабарлады, алайда бірнеше сағат өткен соң Ниццадағы теракт орнында төрт қазақстандық болғандығы хабарланды. Сонымен қатар, терактінің суреттері мен видеолары пайда болды. Соңғы ақпарат бойынша, террорлық шабуылдан қаза тапқандардың саны 84-ке жеткен және де ауруханада 18 адам ауыр халде жатыр.

Қазақстандық Гүлнара Саматова Ниццадағы терактіні өз көзімен көрген. Tengrinews.kz тілшісі әйелмен хабарласып, ол өзінің жиенімен бірге лаңкестің жүк көлігінің астында қалып қоя жаздағаны туралы айтып берді. 

Сондай-ақ, шетелдік БАҚ Ниццадағы терактіні ДАИШ өз мойнына алғаны жайлы хабарлаған болатын. Францияда үш күнге қаралы күн жарияланды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай