Нью-Джерсидегі теміржол станциясы маңында тағы жарылыс болды

© nj.com

Американы? Нью-Джерси штатында?ы теміржол станциясы ма?ында та?ы бір жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости

Американың Нью-Джерси штатындағы теміржол станциясы маңында тағы бір жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости

Осыған дейін Нью-Джерси штатындағы Элизабет станциясында күмән туғызған сөмкенің табылғаны туралы хабарланған болатын. Элизабет қаласының басшысының айтуынша, екі ер адам жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 21.30-да (Астана уақыты бойынша сағат 07.30-да) қоқыс жәшігінен жарылғыш затты тапқан. Содан олар полицейлерді шақырған.

CNN телеарнасының мәліметінше, күмән туғызған сөмкені құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарған. Қазір уақытта оқиға орнында Федералды тергеулер бюросы қызметкерлері жүр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, қайырымдылық марафонының қарсаңында 18 қыркүйекте Нью-Джерсиде жарылғыш зат іске қосылған болатын. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция оқиға орнында қуаты аз бірнеше жарылғыш заттарды тапқан. Бірнеше сағат өткен соң, Нью-Йорктің Манхеттенінде жойқын жарылыс болып, 29 адам зардап шеккен. Ал кейінірек Нью-Йорктегі жарылысқа қатысы бар делінген бес адам ұсталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама