18 қыркүйек 2016 12:42

Нью-Йоркте жойқын жарылыс болды, 25 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AP Photo/Max Becherer © AP Photo/Max Becherer

Нью-Йорктің Челси ауданында жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости көптеген америкалық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.


Нью-Йорктің Челси ауданында жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости көптеген америкалық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Fox News арнасы өрт сөндірушілерге сілтем жасап, Нью-Йоркте болған жойқын жарылыстан 25 адам зардап шеккен. Осыған дейін ABC телеарнасы өрт сөндірушілерге сілтеме жасап, зардап шеккендер саны 15-ке жуық, қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеген. 

Оқыс оқиғаға қолдан жасалған жарылғыш заттың іске қосылуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Алдын ала мәлімет бойынша, ол қоқыс контейнерінің ішіне салынған. Жарылыстан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары шұғыл түрде эвакуацияланды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал Нью-Йорк қаласының мэрі Билл де Блазионың айтуынша, әзірге оқиғаның лаңкестік әрекетпен байланысы барын дәлелдейтін айғақ жоқ.

Нью-Йорк қаласының өрт сөндіру басқармасы ресми түрде Twitter желісі арқылы: "Челси ауданы, Западная 23-і көшесі, 133 үйде болған жарылыстан 25 адам зардап шекті", - делінген хабарламада. Ешқайсысының өміріне қауіп жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети