Нью-Йоркте имамды өлтірді деген күдіктіге айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Йоркте имамды өлтірді деген күдіктіге айып тағылды © Reuters

Нью-Йорк полициясы қала мешіттерінің бірінің имамы мен оның көмекшісін өлтіру бойынша айып тақты, - деп хабарлайды "Газета.Ru"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Йорк полициясы қала мешіттерінің бірінің имамы мен оның көмекшісін өлтіру бойынша айып тақты, - деп хабарлайды "Газета.Ru"

Құқық қорғау органдары күдіктінің аты-жөнін енді ғана жария етті. Ол - 35 жастағы Оскар Морел. Ол екінші деңгейдегі адам өлтіру бойынша және қаруды заңсыз сақтады деп айыпталып отыр. Полицейлер оның үйінде тінту жұмыстарын жүргізіп, револьвер тапқан, сонымен қатар видеобақылау камерасына түсіп қалған қылмыскердің киіміне ұқсас киім табылған. Әзірше қылмыстың мотиві белгісіз. 

Еске салайық, оқиға Озон-Парк ауданында болған. Имам мен оның танысы "әл-Фуркан" мешітінде намаз оқығаннан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Шабуыл мешіттен екі квартал жерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыскер имам мен оның танысының басынан атқан. Имам оқиға орнында қаза болды, ал оның көмекшісі ауыр халде ауруханаға жеткізіп, кейін көз жұмған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети