20 қаңтар 2021 18:02

Nordwind әуекомпаниясы пилоттың Навальный туралы пікірін тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©meduza ©meduza

Nordwind әуекомпаниясы ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйды Мәскеуге жеткізу кезінде Внуково әуежайы жабылып, ұшу бағыты өзгерген ұшақтарда жанармай таусыла жаздады деген ұшқыштың мәлімдемесінен кейін ресми тексерісті бастады. Бұл туралы Nordwind әуекомпаниясы Facebook және Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW.com сайтына сілтеме жасап.


Nordwind әуекомпаниясы ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйды Мәскеуге жеткізу кезінде Внуково әуежайы жабылып, ұшу бағыты өзгерген ұшақтарда жанармай таусыла жаздады деген ұшқыштың мәлімдемесінен кейін ресми тексерісті бастады. Бұл туралы Nordwind әуекомпаниясы Facebook және Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW.com сайтына сілтеме жасап.

Хабарламада бұл әуекомпания саясатынан тыс екені айтылған. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Қандай жағдай болғаны анықталғаннан кейін ұшқышқа қандай да бір жаза қолданылуы мүмкін.

Nordwind Навальный оралған күні барлық рейс жоспарды орындағанын және ұшақтарға әуежай ауыстыру қажеттілігі тумағанын хабарлады. Ал, жалған мәлімдеме жасаған ұшқыш ол күні жұмыс істемеген.

"Пилот тек өзінің жеке ұсатынымы бойынша пікір білдірді", - делінген авиакомпания хабарламасында.

Бұған дейін Instagram желісінде ұшқыш Максим Пырковтың жазбасы тараған болатын. Ол ұшақ кабинасынан фотосурет жариялап, "Берлиндік клоунның келуіне" және Внуковоның жабылуына байланысты кейбір ұшақтар қосымша аэродромға жіберілгенін хабарлаған. Кейбірінде тіпті жанармай таусылып қала жаздады деп жазған. Кейінірек Пырков Instagram-парақшасын жауып тастады.

Пырковтың профилін зерттеген әлеуметтік желі қолданушылары оны Nordwind-де жұмыс істейді деп тұжырым жасаған. Әуекомпанияны әлеуметтік желілердегі посттарда белгілеп, ұшқыштың мәлімдемесіне жауап беруді талап етті.

Еске салайық, Алексей Навальный 17 қаңтарда Берлиннен Мәскеуге оралды. Ол Ресейде "Новичоктан" уланғаннан кейін бес айға жуық емделгенін хабарлаған. Шереметьевоға келгеннен кейін оны құқық қорғау органдары "Ив Роше" ісі бойынша шартты мерзім ережесін бұзды деген айыппен дереу ұстаған. Келесі күні Навальный 15 ақпанға дейін қамауға алынды. Сот процесінде Навальныйдың шартты мерзімін нақты қамау мерзіміне ауыстыру талап етілді.

Кестеге сәйкес Навальныйдың ұшағы Внуково әуежайына қонуы керек еді. Онда оның жақтастары келді, бірақ оларды арнайы әскери топ таратып жіберді. Внуково баспасөз қызметі әуежайдың уақытша жабылуын екі ұшу-қону жолағының қиылысында қар тазалайтын техниканың бұзылуымен түсіндірді. Сол себепті "Победа" әуекомпаниясының Навальный мінген ұшағы Шереметьевоға қонған. Оған қоса, тағы үш рейс сол әуежайға жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети