"Норманд төрттігі" 48 сағат ішінде бітім орнатуға талпынады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Александр Лукашенко, Владимир Путин, Ангела Меркель, Франсуа Олланд, Петр Порошенко. ©Украина президенті әкімшілігі Александр Лукашенко, Владимир Путин, Ангела Меркель, Франсуа Олланд, Петр Порошенко. ©Украина президенті әкімшілігі

Минскіде "норманд төрттігі" жетекшілерінің келіссөздері өтіп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Кездесуге қатысушылар Донбасс аймағында 48 сағат ішінде ымыраластық орнатуға талпынып отыр. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Минскіде "норманд төрттігі" жетекшілерінің келіссөздері өтіп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Кездесуге қатысушылар Донбасс аймағында 48 сағат ішінде ымыраластық орнатуға талпынып отыр. 

Минскіде 14 сағаттан артық уақытқа созылған келіссөздер барысында тараптар Украинаның шығысындағы ахуалға қатысты жекелеген уағдаластықтарға қол жеткізді. Келіссөздерге қатысы бар ақпарат көзінің хабарлауынша, "норманд төрттігі" ілгерілеушілікке қол жеткізіп, енді әзірленген құжатты байланыс тобының қарауына бергелі отыр. Уағдаластықтарға сәйкес, ымыраластық 14 ақпан күні орнауы керек. Жанжал аумағынан ауыр қару-жарақ түрі шығарылып, қауіпсіздік аймағы құрылуы тиіс. 

Қазіргі уақытта келіссөздерге ЕҚЫҰ өкілі Хайди Тальявини мен "норманд төрттігі" сыртқы істер министрлері қосылған. 

Украина президенті Петр Порошенко кездесудің әзірше еш нәтиже бере қоймағанын, Ресей тарапы өте қиын талаптар қойып отырғанын мәлімдеді. "Өкінішке қарай, әзірше жақсы жаңалықтар жоқ. Дәл қазір еш жаңалық жоқ. Бірақ үміт әлі де бар", - деді ол.

Еске сала кетейік, Минскідегі келіссөздер барысында Ресей, Франция, Германия және Украина Донбасс аймағындағы жанжалды реттеу жөнінде барлық мәселені келіскен болатын. Өзін-өзі жария еткен Донецк және Луганск халық республикалары аумағындағы Ресей - Украина шекарасын бақылау мәселесі ғана ашық күйінде қалды. 

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Беларусь астанасындағы келіссөздер аталған учаскеде жергілікті халық арасынан шекара қызметінің кадрлық құрамын қалыптастыру мәселелерімен тығыз байланыста өтті. Онда содырлар басып алған аумақтарда "халық милициясын" құру және аймақта жаңа биліктің өкілеттік мерзімін белгілеу мәселелері де қаралды. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro